Лицензиялық келісім - Pravoved.kz

Лицензиялық келісім

Осы Лицензиялық келісім екінші жағынан (бұдан әрі- Келісім) Интернет желісін Пайдаланушы мен (кез келген жеке тұлға, жеке кәсіпкер, заңды тұлға)(бұдан әрі- Пайдаланушы) «pravoved.kz» интернет сайты (бұдан әрі- Сайт) және оның басшылығы (бұдан әрі- Әкімшілік) арасында жасалады.

Сайтты және Сайтты қолданумен байланысты кез келген бағдарламалық жасақтаманы қолданудан бұрын, осы Келісімнің және онымен байланысты барлық Құжаттардың, Толықтырулар мен Қосымшалардың шарттарымен мұқият танысып шығыңыз. Пайдаланушы Сайтты және Сайттың жұмысымен байланысты кез келген бағдарламалық жасақтаманы қолдана бастаған сәттен бастап, бірден, осы Келісімнің барлық шарттарын қабылдаған болып есептеледі. Пайдаланушы осы келісімде көрсетілген барлық құжаттардың шарттарымен толық көлемде және қандай да бір ескертусіз келіседі. Келісім шарттарымен келіспеген жағдайда, сіз Сайтты пайдалана алмайсыз.

1. Жалпы ережелер

1.1 pravoved.kz адресі бойынша Интернет желісінде қолжетімді және клиенттерге заңгерлік қызметтерге тапсырыстар орналастыруға және заңгерлерді іздеуге (қызмет орындаушыларды), ал заңгерлерге клиенттер табуға және оларға Сайттың немесе өзге бағдарламалық жасақтаманың көмегімен өз қызметтерін көрсетуге мүмкіндік беретін онлайн алаң болып табылады.

1.2 Сайтқа және pravoved.kz домен атына Барлық құқықтар Әкімшілікке тиесілі. Әкімшілік осы келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мүдделі тұлғаларға қолжетімдік береді.

1.3 Осы Келісімде және оның келесі Толықтырулары мен Қосымшаларында, сондай-ақ осы келісімге байланысты кез келген қатынасхаттардағы барлық терминдер мен анықтамалар Интернет Сайттың және осы Келісімнің Ішкі Ережелеріне (бұдан әрі- Ережелер) сәйкес түсіндіріледі.

1.4 Келісім, сондай-ақ өзге де онымен байланысты құжаттар, Сайттың қызметін реттейтін ережелер мен талаптр, Келісуші мен Әкімшілік арасындағы міндетті заңдық келісім болып табылады. Әкімшілік Пайдаланушыларға осы Келісімнің шарттарының өзгертулері мен толықтыруларын жиі тексеріп тұруды ұсынады. Өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін Сайтты пайдалануды жалғастыру, Пайдаланушының өзгертулер және/немесе толықтырулармен келісуін білдіреді.

1.5 Осы пайдаланушылық келісімді Сайт Әкімшілігі әзірлеген, Пайдаланушылар мен Әкімшіліктің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, Сайттың даму шарттарын белгілейді. Осы Келісім Пайдаланушылар мен Әкімшілік арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі мен ережелерін белгілейді, сондай-ақ Сайт Пайдаланушыларының әрекеті нәтижесінде құқықтары мен мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғаларға қатысты таралады.

1.6

1.7 Сайтта тіркелу арқылы осы Келісімді қабылдай отырып, Пайдаланушы Әкімшіліктің тіркеу кезінде берген, сондай-ақ Пайдаланушының өзінің жеке парақшасында ерікті түрде орналастырған дербес деректерін өңдеуіне келісімін растайды. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1.8 Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Пайдаланушы Сайттың бағдарламалық жасақтамасы арқылы автоматты режимде кейбір тегін сұрақтар берілетіндігіне келісімін береді. Бұл ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие болады.

1.9 Кез келген мәтіндік, графикалық, бейне немесе аудио ақпарат, оның ішінде Сайтта ұсынылған Мамандардың жауаптары, тек ақпараттық сипатқа ие.

1.10 Сайт Әкімшілігі Пайдаланушыға қызмет көрсету мақсатында, оның ішінде Пайдаланушының дербестендірілген (таргеттелген) жарнама алуы, Сайттың сервистері мен тарауларын қолдауға және жақсартуға мүмкіндік беретін деректерді тексеруі, зерттеуі және талдауы, сондай-ақ сайттың жаңа сервистері мен тарауларын әзірлеуі мақсатында Пайдаланушының дербес деректерін өңдейді. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз қол сұғудан, өзгертуден, ашу немесе жоюдан қорғау үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды. Әкімшілік Пайдаланушының дербес деректеріне тек осы ақпарат сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және пайдаланушыға қызмет көрсету үшін қажет әкімшілік қызметкерлеріне, мердігерлеріне және агенттеріне рұқсат береді. Сайт әкімшілігі пайдаланушы ұсынған ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде пайдаланушылардың заңсыз және/немесе құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу және/немесе жолын кесу мақсатында) пайдалануға құқылы. Пайдаланушы берген ақпаратты ашу соттың, құқық қорғау органдарының талабы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда ғана жүргізілуі мүмкін.

1.11 Жоғарыда аталған құжаттар Пайдаланушыны қандай да бір алдын ала хабарландырусыз, біржақты тәртіппен Сайт Әкімшілігімен өзгертілуі мүмкін, және егер құжаттың жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, оны Сайтта жариялағаннан кейін бірден күшіне енеді.

1.12 Сайттың қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Келісім мәні

2.1 Сайт Әкімшілігі Клиент (Клиент есептік жазба типі бар)(бұдан әрі- Клиент) пен Маманның (Пайдаланушы сайтында заңгер, қорғаушы, бухгалтер есептік жазба типімен тіркелген) өзара әрекеттесуі мақсатында тіркелген пайдаланушыларға портал ресурстарын қолдану құқығын береді. Маман Клиентке ақылы және ақысыз негізде заңдық және/немесе бухгалтерлік сипаттағы қызметтер көрсете алады.

2.2 Осы келісім еңбек қатынастарын жасауға жария оферта болып табылмайды. Тараптар, Әкімшілік пен сайтта тіркелген Маман арасында туындайтын қатынастарды, жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер арасындағы қатынас ретінде қарастыра алмайтынын, еңбек қатынастары болып табылмайтынын ерекше ескертеді.

2.3 Осы келісімдерде зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтар сайт пайдаланушыларына немесе сайт әкімшілігін тартпай, оларды Сайтта және/немесе оның бөлімдерінде өз бетінше орналастырған басқа тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін шарттар белгіленеді.

3. Пайдаланушы мен Сайттың техникалық өзара әрекеттесуі

3.1 Сайтты пайдалану үшін пайдаланушы Сайтта тіркелу рәсімінен өтуі қажет. Пайдаланушы өзі туралы нақты және толық ақпаратты тіркеу нысанында және Жеке кабинетте ұсынуға міндеттенеді. Пайдаланушы өзі туралы ақпаратты өзекті жай-күйде ұстап тұру және осы ақпарат өзгерген жағдайда әкімшілікті дереу хабардар ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

3.2 Пайдаланушының Сайтта Маман ретінде тіркеу тек pravoved.kz адресі бойынша сайтта тиісті нысанда көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың толық тізімін ұсыну шартында және Сайт Әкімшілігі Пайдаланушы кандидатурасын Маман рөлінде мақұлдағаннан кейін ғана жүргізіледі.

3.3 Әкімшілік сайттың кейбір функционалын жою және/немесе пайдалануды шектеу және/немесе ақпаратты толық немесе дұрыс ұсынбаудың негізделген дәлелдері болған жағдайда пайдаланушының есептік жазбасын бұғаттау құқығын өзіне қалдырады.

3.4 Әкімшілік тіркеу кезінде көрсетілген мәліметтерді Растауды кез келген уақытта талап ету және ол үшін тиісті құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады. Осы құжаттардың бас тартуын немесе ұсынбауын әкімшілік ақпараттың дұрыс ұсынылмауы ретінде бағалайды.

3.5 Әкімшілік пен Пайдаланушы, Сайтқа кіруге арналған аутентификациялық деректердің құпия ақпарат болып табылатындығын растайды.

3.6 Сайттың қызмет етуі, дамыту мен өзгертуге қатысты Әкімшілік Қазақстан Республикасының Заңнамасын, осы Келісімді және Сайт Әкімшілігі әзірлеген немесе әзірлеуі мүмкін өзге де құжаттарды басшылыққа алады.

4. Қаржылық шарттар

4.1 Сайттың Пайдаланушыларға көрсететін ақылы сервистері осы келісіммен реттеледі

4.2 Сайттың әкімшілігі Сайтта ақылы, сондай-ақ тегін қызметтер алатын Клиенттердің мүдделерін білдірмейді және өкілі болып табылмайды, сондай-ақ сұрақтарға жауап беретін және/немесе кеңес беретін және/немесе Клиенттерге қызмет көрсететін Мамандардың мүдделерін білдірмейді және өкілі болып табылмайды, сондықтан осы екі тараптың арасында туындайтын қандай да бір қаржылық міндеттемелер үшін жауап бере алмайды.

4.3 Сайт әкімшілігі әр түрлі пайдаланушылар үшін, клиент пен маманның өзара әрекеттесу құқығын және сайт сервистерін пайдалану құқығын беру үшін әр түрлі төлем мөлшерін белгілеуге құқылы.

4.4 Сайтқа тіркелген маман, Клиенттерге көрсетілген Қызметтердің сомасынан белгіленген бір бөлігін Сайт Әкімшілігінің пайдасына төлеуге келіседі. Бұл бөліктің мөлшері пайыздық қатынаспен белгіленеді және әр Маман үшін жеке бекітіледі, бірақ, егер, басқасы айтылмаса, үнсіздік бойынша Маманның Сайт функционалын қолданып Клиентке көрсеткен қызметінің құнының отыз пайызына (30%) тең деп есептеледі. Маманның сайтты пайдалану құқығын төлеуі автоматты режимде маман көрсеткен қызметтер құнынан тиісті соманы ұстап қалу нысанында жүргізіледі.

4.5 Осы Келісімді қабылдай отырып, маман ақылы мәселенің құнын клиент белгілейтінімен келіседі. Маманның сұраққа жауап беруі Маманның ақы алуына кепілдік бермейді (Клиенттің Маман көрсеткен қызметтеріне ақшалай төлемі)(бұдан әрі- Қаламақы). Қаламақыны клиенттің өзі өз қалауы бойынша, сұраққа жауап берген мамандар арасында бөледі немесе жауап берген мамандар арасында тең үлеспен сайт автоматты түрде тарата алады.

4.6 Егер қаламақы және/немесе оның қалдығын Клиент үш тәулік өткеннен кейін өз бетінше бөлмесе, оны Сайт автоматты түрде, бірінші жауап берушіден бастап, бірақ ең көп дегенде үш маманға дейін клиенттің сұрағына жауап беру кезектілігі бойынша әр маманға тең үлеспен жасайды.

4.7 Маманның Клиент қойған тегін сұраққа жауап бергені үшін төлем жүргізілмейді.

4.8 Ерекше жағдайларда Әкімшілік қаламақыны бөлуді жеке тәртіппен қарастыра алады.

4.9 Осы Келісімді қабылдай отырып, Пайдаланушы "құжатқа тапсырыс беру" және "сүйемелдеуге тапсырыс беру" қызметінің құнын маман дербес белгілейтінімен келіседі. Осы қызметтер бойынша маманнан ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді клиент қабылдайды.

4.10 Осы келісімді қабылдай отырып, Маман Маманның КЛиентке өз қызметтерін ұсынуы Маманға оң жауап алуға және Клиенттің оның ұсынысына келісуіне кепілдік бермейтінімен келіседі.

4.11 Осы келісімді қабылдай отырып, Пайдаланушы ақылы қызметтердің қызмет құнын толық төлегеннен кейін ғана көрсетілетіндігімен келіседі.

4.12 Клиент қанағаттандырмаған көрсетілген қызметтерге ақша қаражатын қайтаруға сұратуларды Әкімшілік жеке тәртіппен қарайды. Егер әкімшілік көрсетілген қызметтің сапасы дұрыс емес деп санаса, клиенттердің мынандай сұратулары қанағаттандырылады: заңды қатесі бар, толық көлемде емес немесе мерзімдерді бұза отырып орындалған. Бұл ретте табыс кепілдігінің болмауы немесе клиент үшін оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін еместігі қызметті сапасыз деп тану үшін негіз болып табылмайды. Сайтта қызметке тапсырыс бере отырып, соның ішінде қайтару кепілдігіне құқықты іске асырғаннан кейін Клиент осы Ережелермен келіседі.

4.13 Сайттың әкімшілігі осы Келісім негізінде туындайтын қатынастар шеңберінде Маманның салық агенті болып табылмайды.

4.14 Маманның қызметтеріне төлем жасау үшінші тұлғалар ұсынатын есептік-банктық сервис арқылы жүргізіледі.

4.15 Егер клиент шотты толтырып, біпақ Мамандардың қызметін пайдаланбаса, ол ақша қаражаттарының қайтарылуын сұратуға құқылы. Ол үшін Сайттың техникалық қолдау қызметін жазып, ақша қаражаттарының қайтарылуын сұрауы тиіс. Сонымен бірге клиент төлем фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, клиенттің тіркеу деректерін көрсету, сондай-ақ ақша қаражатын қайтаруды жүргізу қажеттігін көрсету қажет. Сайт әкімшілігі 5 банктік күн ішінде өтінімді қарайды, осы мерзім өткеннен кейін ақша қаражатын қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4.16 Клиент Сайтқа сұрату жасап жүгінген сәтке дейін 90 күнтізбелік күн мерзімінде төленген ақша қаражаттары қайтарылмайды.

4.17 Банк картасы арқылы төленген ақша сол банк картасына қайтарылады. Басқа жағдайларда Әкімшілік ақша қаражаттарын қайтары тәсілін таңдау құқығын өзіне қалдырады. Ақша қаражаттары төлем жүйелерінің комиссиясы шегеріле отырып қайтарылады. құқық бұзушылық жасауға қарсы әрекет ету мақсатында, сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысына жауапты үшінші тұлғалардың (банктер, төлем жүйелері және басқалары) сұрауы бойынша әкімшілік ақша қаражатын уақытша бұғаттауды жүргізуге және/немесе клиентке ақша қаражатын шығарудан бас тартуға құқылы.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1 Пайдаланушы міндетті:

5.1.1 Сайтта тіркелген сәтке дейін осы Келісіммен толық танысуға. Сайтта тіркелу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес Пайдаланушының осы Келісімді толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.

5.1.2 Әкімшіліктің сұратуымен Сайтта тіркелу кезінде көрсетілген деректерді растайтын барлық құжаттарды ұсынуға.

5.1.3 Сайтты Сайттың басқа Пайдаланушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормалары мен заңнамасын бұзбайтын тәсілмен қолдануға.

5.1.4 Сайт әкімшілігі берген құпия ақпаратты бермеуге, соның ішінде өзінің есептік жазбасын пайдалану мүмкіндігін үшінші тұлғаларға бермеуге, өзінің аутентификациялық деректерін жария етпеуге.

5.1.5 Өзінің аутентификациялық мәліметтерінің қауіпсіздігін өз бетінше қамтамасыз ету және олардың үшінші тұлғаларға түсуіне жол бермеуге.

5.1.6 Сайтқа кіру құрылғысының жұмыс қабілеттілігі мен қорғалуына тиісті түрде қамқорлық жасауға.

5.1.7 Сайттың бағдарламалық жасақтамасына толық немесе ішінара, дербес немесе үшінші тұлғалардың қатысуымен өзгерістер енгізуге тырыспауға.

5.1.8 Өзінің аутентификациялық мәліметтеріне уақытылы өзгерістер енгізуге және бұл туралы Сайт әкімшілігіне уақытылы хабарлауға.

5.1.9 Маман осы Келісімге сәйкес Клиент алдындағы өз міндеттерін тиісті түрде орындауға міндеттеледі.

5.2 Пайдаланушы құқылы:

5.2.1 Маман Сайттағы жеке кабинеттің көмегімен өз пайдасына жасалған барлық операциялар туралы есеп алуға құқылы.

5.2.2 Маман Сайт Әкімшілігінен бес жыл кезеңге дейінгі өз пайдасына жасалған барлық төлемдер туралы есеп сұрауға және сұраныс жіберген күннен кейін он күн ішінде осы есепті алуға құқылы./p>

5.2.3 Сайттағы жеке кабинеттің көмегімен өзінің жеке деректеріне өзгертулер енгізуге.

5.3 Сайт әкімшілігі құқылы:

5.3.1 Қандай да бір арнайы хабарландырусыз біржақты тәртіппен осы Келісімді өзгертуге және/немесе толықтыруға.

5.3.2 Сайтқа тіркеу кезінде көрсетілген деректерді растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, Әкімшілік Пайдаланушыны сайтқа тіркеуден бас тартуға және/немесе Пайдаланушының статусын Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен өзгеше статусқа өзгертуге құқылы.

5.3.3 Қандай да бір арнайы хабарландырусыз өзінің қалауымен және кез келген уақытта Сайттың бағдарламалық жасақтамасына өзгертулер енгізуге.

5.3.4 Пайдаланушының Сайтты заңды қолдануына күмән болған жағдайда, Пайдаланушыны алдын ала хабарландырмай, Әкімшілік өзінің қалауымен және кез келген уақытта есептік жазбаны жоюға, оған өзгертулер енгізуге немесе сол Пайдаланушыны бұғаттауға құқылы.

5.3.5 Пайдаланушының (пайдаланушының қызметкерлерінің) есептік ақпаратын сайттың басқа пайдаланушыларымен пайдалану туралы мәліметтер болған жағдайда, Әкімшілік пайдаланушыны алдын ала хабардар етпей, өз қалауы бойынша және кез келген уақытта есептік жазбаны жоюға, оған өзгерістер енгізуге немесе осы пайдаланушыны бұғаттауға құқылы.

5.4 Сайт әкімшілігі міндетті:

5.4.1 Осы Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақша қаражаттарын төлеуді жүзеге асыруға.

5.4.2 Осы Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақша қаражаттарын қайтаруды жүзеге асыруға.

5.4.3 Бағдарламалық жасақтамада техникалық қателіктерді анықтаған жағдайда, кідірместен оларды жоюға қажетті барлық қажетті шараларды қабылдауға.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1 Сайт әкімшілігі заңнамада тікелей көзделген жағдайлардан басқа бағдарламалық жасақтаманы қандай да бір пайдаланудың немесе пайдалану мүмкін еместігінің тікелей немесе жанама салдарына және/немесе пайдаланушыға және/немесе үшінші тараптарға бағдарламалық жасақтаманы немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерін және/немесе функцияларын қандай да бір пайдалану, пайдаланбау немесе пайдалану мүмкін еместігіне, соның ішінде бағдарламалық жасақтама жұмысындағы ықтимал қателіктерге немесе ақаулықтарға байланысты келтірілген залал үшін жауап бермейді.

6.2 Сайт әкімшілігі Бағдарламалық жасақтаманың немесе оның жекелеген құрамдас бөліктерінің және/немесе функцияларының қателіксіз және үздіксіз жұмыс істеуіне, бағдарламалық жасақтаманың Пайдаланушының нақты мақсаттары мен болжамдарына сәйкестігіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді, оның көмегімен көрсетілген кеңестердің сенімділігіне, нақтылығына, толықтығына және мерзімділігіне кепілдік бермейді, сондай-ақ осы Келісімде тікелей көрсетілмеген ешқандай өзге де кепілдіктер бермейді.

6.3 Сайт әкімшілігі Пайдаланушының жалған ақпарат беру салдарынан шеккен залалдары үшін жауап бермейді.

6.4 Егер Мамандардың жауаптары Пайдаланушының нақты мақсаттарына немесе болжамдарына сәйкес келмеген жағдайда, немесе оған өзі қалаған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда жауап бермейді, Мамандар берген жауаптардың нақтылығына, толықтығына кепілдік бермейді.

6.5 Тараптар өзара міндеттемелерді орындамағаны үшін, егер олардың әрекеті Келісімнің күшіне енуі немесе Келісім жасалғанға дейін алдын ала болжанбаған немесе алдын ала болжанбаған төтенше оқиғалар туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмес күш міндеттемелері қолданылатын Тарап осы жағдайлар басталғаннан кейін он күннен кешіктірмей екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.

7. Зияткерлік меншік құқығы

8. Дауларды шешу тәртібі

8.1 Осы келісімнен туындайтын барлық даулы мәселелер, келіссөздер жүргізу жолымен реттеуге жатады.

8.2 Даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмаған жағдайда, осы Келісімнің кез келген бір тарабы Сайт Әкімшілігі орналасқан жер бойынша сотқа жүгінуге құқылы.

8.3 Жеке және заңды тұлғалардың осы Келісімге және Сайттың жұмысына байланысты Сайт әкімшілігіне өтініштерін, ұсыныстарын, наразылықтары және өзге де сұранымдарын, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сұранымдарын support@pravoved.kz поштасына жолдауға болады.

Приложение №1 к пользовательскому соглашению

Стандарт качества оказания консультаций на сайте Pravoved.kz

1. Общие положения

1.1. Консультация Специалиста, должна основываться на нормах действующего законодательства РК или законодательства иного государства, нормах международного права (в зависимости от условий ситуации/вопроса клиента) и/или сложившейся судебной и правоприменительной практики.

1.2. Консультация Специалиста должны быть авторской и являться результатом его интеллектуальной деятельности и его профессионального опыта. При подготовке Консультации разрешается ссылаться на нормы действующего законодательства, а также опыт работы других Специалистов, в случае отсутствия законодательного (нормативного) регулирования или противоречивой, не устоявшейся судебной практики по ситуации/вопросу клиента с обязательным уведомлением клиента.

1.3. Во время консультации, Специалист обязан проявлять вежливость по отношению ко всем Пользователям Сайта, не допускать в отношении них агрессии, любого рода оскорблений чести и достоинства, снисходительного отношения. Если Специалист считает, что другой Специалист не соблюдает требования данного пункта, он может написать жалобу в службу поддержки Сайта.

1.4. Консультация должна отвечать на конкретный вопрос клиента, быть понятной для клиента, содержать законодательное обоснование. Для платных консультаций данное требование носит обязательный характер, для бесплатных консультаций данное требование рекомендательное.

1.5. Если, для дачи полного и развернутого ответа, требуется дополнительное уточнение, Специалист, может задать дополнительные вопросы клиенту посредством сообщений. В бесплатных вопросах, допускается дача ответа на основании первоначальных данных клиента.

1.6. Если клиент не отвечает на дополнительные вопросы Специалиста в течении 24 часов, Cпециалист должен дать развернутый ответ на основании исходных данных предоставленных клиентом.

1.7. В случае, поступления дополнительных вопросов и уточнений от клиентов, в рамках того вопроса и темы, который он задал, Cпециалист обязан дать ответ в течении 16 часов для платных вопросов и 24 часа для бесплатных. Если для ответа на дополнение клиента требуется больше времени, Cпециалист обязан уведомить об этом клиента посредством сообщения.

1.8. Если клиент задал уточняющий или дополнительный вопрос, выходящий за рамки его первоначального вопроса или проблемы, Cпециалист должен уведомить клиента об этом и о том, что такая услуга может быть оказана за дополнительную плату.

1.9. Если Специалист, в процессе консультации понимает, что клиенту можно предложить услугу (например: составление документа, представление интересов в суде и прочее), он может сделать это прямо в вопросе, воспользовавшись соответствующими инструментами, предложив клиенту стоимость за свои услуги и оставив комментарий.

2. Структура консультации

2.1. При оказании консультации, Cпециалист должен придерживаться следующей последовательности консультации:

- Приветствие клиента. Обращение к клиенту обязательно должно быть на «Вы». Допускается обращение к клиенту по имени, в уважительной форме.

- Правовое обоснование ответа с комментариями. Специалист аргументирует свой ответ согласно пунктам 1.1 и 1.2 данного приложения. Ссылаясь на нормы права, Специалист должен давать на них свои пояснения в доступной и понятной клиенту форме.

- Резюме. В конце своего ответа, Специалист, должен подвести логический итог своей консультации и представить клиенту свои выводы, рекомендации и советы о дальнейших действиях клиента для защиты его интересов. Итог должен быть четким, лаконичным и понятным клиент.

Пример структурно верно оформленной консультации

Здравствуйте, Геннадий!

Согласно Земельного кодекса РК, действия вашего соседа будут законными.

1) В соответствии с п.3 ст.53 Земельного кодекса РК земельный участок может находиться в общей собственности с определением доли каждого из собственников (долевая собственность).

2) В соответствии с п.1 ст.56 Земельного кодекса РК, если размеры земельных долей участников общей долевой собственности (общего долевого землепользования) на участок не могут быть определены на основании законодательства Республики Казахстан и не установлены соглашением всех ее участников, земельные доли считаются равными.

3) В соответствии с п.6. ст.53 Земельного кодекса РК порядок пользования земельным участком, находящимся в общей собственности (общем землепользовании), определяется договором между участниками общей собственности (общего землепользования). При не достижении соглашения между ними порядок пользования определяется судом. Соглашение участников или решение суда о порядке пользования земельным участком подлежит регистрации в органе, осуществляющем государственную регистрацию прав на недвижимое имущество.

Согласно данных статей могу предложить, Вам, сделать следующее:

1) заключить между участниками общей собственности на земельный участок договор, в котором определить размеры долей, границы (с приложением плана), касательно порядка пользования земельным участком, находящимся в общей собственности;

2) зарегистрировать вышеуказанный договор;

3) привести в соответствие с договором акт на право частной собственности на земельный участок (в акте должен быть отражен размер доли участника, определенный в договоре).

3. Оформление цитат

3.1. Цитаты оформляются с помощью инструментов, доступных в текстовом редакторе на Сайте

- Цитата – если необходимо выделить отдельный фрагмент текста, на который Специалист хочет дать пояснение

- Цитата из закона – если Специалист в своем ответе ссылается на нормы действующего законодательства

3.2. В случае цитирования закона, не следует цитировать всю статью законодательства, кроме тех случаев, когда ответ на вопрос клиента содержится во всей статье целиком. Необходимо выделять только нужные разделы и статьи из закона, в которых содержится ответ на конкретный вопрос клиента.

3.3. При цитировании статьи закона, Специалист обязан дать свое разъяснение или оставить комментарий к этой статье для клиента. Не допускается цитирование без комментария Специалиста.

3.4. Допускается цитирование документов, если цитируемая информация доступна для понимания и не требует дополнительных отсылок или разъяснений

4. Оформление ссылок

4.1 Допускается в консультациях использовать ссылки на сторонние ресурсы, предоставляющие информацию правового характера

4.2 При использовании ссылок, Специалист обязан взять из первоисточника лишь ту часть, которая дает ответ на вопрос клиента, размещая ниже ссылку на первоисточник, для подтверждения слов Специалиста.

4.3 Текст из первоисточника оформляется с помощью инструмента «Цитирование»

4.3 После размещения части текста из первоисточника и указания ссылки на него, Специалист обязан дать свое разъяснение или оставить комментарий к этой части текста для клиента.

5. Оформление текста консультации

5.1. Консультация должна быть изложена на грамотном языке, исключительно в официально-деловом стиле, без применения «неформальных или сленговых выражений».

5.2. Запрещено использовать транслитерацию (точная передача знаков одной письменности знаками другой письменности) на латинице

5.3. Единый по смыслу текст необходимо выделять в отдельный абзац.

5.4. Цитируемый текст необходимо выделять при помощи инструментов Сайта, указанных в пункте 3.1 данного приложения.

5.6. Запрещено оформлять весь текст жирным шрифтом. Допускается оформление жирным шрифтом заголовков. Если необходимо выделить определенный фрагмент текста, это можно сделать либо инструментов «Цитировать», либо выделить текст в отдельный абзац, в зависимости от смысловой нагрузки в тексте

5.7. Запрещено цитировать полностью вопрос или уточнение клиента. Цитированию подлежит лишь та часть вопроса, на которую Cпециалист дает ответ. Цитирование конкретной части вопроса облегчает понимание ответа, позволяет сделать акцент на конкретных частях текста.

6. Внесение дополнений в консультацию клиента

6.1 Дополнение Специалистом в консультации клиента допускается в случае, если другим Специалистом не предоставлена исчерпывающая информация и/или были оглашены не все моменты, связанные с предоставлением клиенту полной информации для решения его проблемы.

6.2 Также допускается дополнение консультации в случае, если Специалист может предложит обоснованное альтернативное решение проблемы клиента

7. Что запрещается в юридической консультации

7.1 Использовать ненормативную лексику, проявлять агрессию, любого рода оскорбления чести и достоинства, снисходительного отношения по отношению ко всем Пользователям Сайта, расовую, национальную, политическую и религиозную неприязнь, пропаганду терроризма, экстремизма, наркотиков и прочих тем, несовместимых с общепринятым законам морали и приличия.

7.2 Прямо или косвенно размещать контактные данные Специалиста в тексте консультации или в файлах, прикрепленных к ней, отображать ссылки на социальные сети или любые иные сайты содержащие данную информацию

7.3 Предлагать клиентам воспользоваться услугами Специалиста в обход сервиса Pravoved.kz

7.4 Цитировать информацию из источников или размещать ссылки на источники, не являющимися официальными источниками правовых документов и актов, а также ресурсов, не предназначенных для предоставления профессиональных юридических услуг.

7.5 Давать односложные ответы, либо не информативные. Не допускаются ответы: «Да», «Нет, не можете», «Обратитесь в суд», «Напишите заявление», «Найдите в интернете» и прочие подобные ответы. Любой ответ должен быть развернутым. Если клиенту действительно нужно обратиться в какую-либо инстанцию, необходимо разъяснить клиенту, куда именно, какие правовые последствия у него наступят и прочее.

7.6 Размещать цитаты или ссылки, без разъяснений Специалиста. Любая ссылка или цитата должна быть подтверждением слов Специалиста, а комментарий должен разъяснить права клиента на простом и понятном языке.

8. Ответственность за нарушение стандарта

8.1. За нарушение требований данного приложения в отношении Специалиста могут быть приняты следующие меры наказания:

- замечание

- снижение рейтинга

- ограничение к платным услугам

- ограничение, вплоть до полного прекращения доступа к аккаунту

8.2 Меры наказания рассматриваются администрацией сайта в индивидуальном порядке. Уведомление о нарушении может быть выслано на адрес электронной почты, указанной Специалистом при регистрации, либо устно, посредством телефонного звонка от менеджера Сайта.