Салеметсіз бе! Уақытында төленбеген кредит сотқа өткен - Pravoved.kz

Салеметсіз бе! Уақытында төленбеген кредит сотқа өткен

Осыдан 7 жыл бұрын бауырым каспий банктен кредит алған, отбасылық жағдайына байланысты төлеуге жағдайы болмаған 3 баласы бар,қала сыртында жалдамалы үйде тұрады, күнделікті тапқан тиын-тебендері бала-шағасының тамағы,үйдің ақысы,балаларының оқумен,киім-кешегінен артылмағандықтан төлеуге жағдайы келмеді.Енді кешегі күні сот орындаушысы хабарласып,егер 27.04.2020 күнге дейін төлемесеңіз,300 мыңды 700 мың қылып төлейсіз деген екен.Енді біз бауырлары біз төлеп береміз деп отырмыз,бірақ төтенше жағдай,яғни карантин біткенше уақыт сұранып отырмыз бірақ сот орындаушысы бұған келіспей отыр,мұндай жағдайда не істеуге болады.


23 Сәуір 2020, 13:52, сұрақ № 183
Гулнур, Тараз

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

504 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Қайырлы күн Гүлнұр!
Сіздің өтінішіңіздің мәтініне қарасам сізге сот орындаушы емес, коллектор қоңырау шалған. Бірақ қандай жағдай болмасын, бауырыңыздың несиесін жабуға ақша жинай беріңіз. Карантин аяқталысымен сіз жиналып қалған қарызды жабасыз.


23 Сәуір 2020, 15:01