Заңды түрде уақытша баламды әкесіне табыстай тұру. - Pravoved.kz

Заңды түрде уақытша баламды әкесіне табыстай тұру.

Кеш жарық, біз заң жүзінде айырылысқанбыз, балам менің жанымда, 5 жаста. Алимент төлейді. Енді екінші күйеуге шыққаннан соң, баланы әкесінің үйіне жіберсем олардың алып қалып, кек қайтаруы үшін маған бермей қоюынан қауіптенемін. Сұрағым: баламды әкесіне қай жолмен заңды түрде белгілі бір мерзімге қалдырып, олар өздері уақыты біткенде еш кедергісіз қайтаруларына ықпал ете аламын? Рахмет!


25 Сәуір 2020, 21:17, сұрақ № 208
Аяулым, Алматы

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

509 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Сәлеметсіз бе Аяулым!
"Неке және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 73бабында баланың ата-анасымен қатысуы көзделген. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы.
3.Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.


26 Сәуір 2020, 14:15