бір жасқа дейіні бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы - Pravoved.kz

бір жасқа дейіні бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы

Болған жағдайды қысқаша баяндай кетсем: Жұбайымның 4-балаға ауыр аяқ кезінде жұбайым екеуміз ақылдаса келіп, босанғаннан кейін балаға 1 жасқа толғанға дейінгі мемлекеттік жәрдемақыны маған (яғни баланың әкесіне) рәсімдеуді ұйғардық. Декреттік демалысқа ақпарат іздеу барысында екі түрлі ақпарат көзіне жүгіндік 1. ХҚКО мамандарынан ауызша түрде: «бала күтімі бойынша мемлекеттік жардемақыны бала туылғаннан кейін 12 айдан асырмай рәсімдеуге болады», – деген ақпарат алдық. 2. E-GOV Электрондық Үкіметі порталында ақпарат іздеп декрет туралы төмендегі сілтеме бойынша ақпарат алдым: https://egov.kz/cms/ru/articles/child/ui_decret . Иә, бұл сілтемеде әйелдер деп нақты жазылған, бірақ перзенттің алдында әке мен шешенің бірдей бірдей құқығы бар деп санаймын. 14-наурыз 2020-жылы Алматы қаласы, Әуезов аудандық ХҚКО-на 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыға құжат тапсырдым (өтініш номері «002193871090») және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мемлекеттік жәрдемақыны беруден бас тарту туралы шешім шығарылғандығы туралы жауап алдық. Аталған жауапта мемлекеттік жәрдемақыны бас тарту туралы (отказ) шешімді ҚР 2019ж 26-желтоқсан №286-VI міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сілтеме жасай отырып бергендіктерін мәлімдейді. Мен бұл шешімдермен келіспеймін. Сол себепті Сізден осы шешімнің заңдалығын тексеріп, оның күшін жойып, маған әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға ықпал етуіңізді сұраймын. Заңның 24-бабы 3-тармағы бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады деп көрсетілен. Менің мемлекеттік жәрдемақыға керекті құжаттарды кеш тапсыруымның бірнеше себептері бар: 1. ХҚКО мамандарынан алған ауызша ақпарат. «Бала туылғаннан бастап 12 ай ішінде тапсыруға болады» – деген. 2. E-GOV Электрондық Үкіметі порталындағы ақпарат. Сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/articles/child/ui_decret және https://egov.kz/cms/kk/articles/family_support/allowanceХат иесі: Жақудаев Досжан Бет 2/8 3. Жұмыс беруші мені әйеліме берілген Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (серия №0285744) негізінде бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрық шығарды. Осы жағдайларды ескере отырып, маған заң саласы бойынша көмек берулеріңізді сұраймын

Жақудаев Досжан.pdf
26 Сәуір 2020, 16:53, сұрақ № 212
Досжан, Алматы

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

476 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Қайырлы күн Досжан!
Сіздің сұрағыңызды егжей-тегжейлі зерттей келе, бір қорытындыға келдік, сізге берілген бас тарту туралы жауапқпэа сот арқылы шағым жасап, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау туралы оң шешім алу қажет, кәсіби заңгерлердің көмегіне жүгіну үшін, біздің сайтта заңгерлік көмекке тапсырыс беру қажет


27 Сәуір 2020, 15:13

Авторды нақтылау


Қайырлы күн, Заңгерлер қауымы

 

Мендегі мәселенің оң шешімін шығарып бере алатын мүмкіндіктеріңіз болса мен сіздердің заңгерлік көмектеріңізге жүгінуе әзірмін

Менің тарапымнан сіздерге қандай қадамдар жасауым керек?

Менің байланыс номерлерім анкетамда көрсетілген

 

 


27 Сәуір 2020, 18:43