Уйге торт хозяйн болса баурымнын айели таласа алама - Pravoved.kz

Уйге торт хозяйн болса баурымнын айели таласа алама

Бауырым ажрасып жатир айелимен зан бойынша 3 баласы бар айели уйге таласа алама ? Биздин кала да еки уймиз бар екеуде 4хозяйнбыз бауримда хозяйн мен и папамда тагы баурым бар сол да бирдей хозяйнбыз. Сол уйлерге документ жасаталмай журмиз бир хозяндык кылайк деп сол уйлерге таласа алама?


01 Мамыр 2020, 17:44, сұрақ № 259
Эльмира, АЛМАТЫ

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

476 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Сәлеметсіз бе Эльмира!

Сіздің ағаңызға некеге дейін тиесілі болған мүлікке оның әйелінің таласуға құқығы жоқ. ҚР Неке туралы кодексінде былай делінген:
35 бап. Ерлі-зайыптылардың жеке меншігі
1. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар).

2. Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.


01 Мамыр 2020, 19:20