Микрокредит пайысыз толеу - Pravoved.kz

Микрокредит пайысыз толеу

микрокредиттердiн пайызын калай кыскартуга болады? мерзiмi откен микрокредитiмнiн пайызы осiп кеткен. соны пайызсыз кайтаруга болама? Сот орындаушы неше пайыз ала алады?

BB5B4D96-68E6-40B0-95F4-FB34E9647346.jpeg
14 Мамыр 2020, 19:18, сұрақ № 362
Айжан, Караганды

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Бердута Светлана

Юрист, г. Караганда

172 жауап
8.7
Рейтинг Pravoved.kz

Сәлеметсіз бе Айжан!
Несиені пайызсыз қайтаруға болады, егер несие шартында пайызды есептен шығару немесе қысқарту туралы шарт болса және сіз осы шартқа сәйкес болсаңыз. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы ақшалай қаражатты өндіріп алу сомасына байланысты, яғни
*60 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;
*60-тан 300 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;
*300-ден 1000 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;
*1000-нан 5000 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;
*5000-нан 10000 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;
*10000-нан 20000 АЕК дейін- өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;
*20000-нан жоғары- өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.


15 Мамыр 2020, 12:07