Тотеншежагдайда жалдамалы патерден шыгу - Pravoved.kz

Тотеншежагдайда жалдамалы патерден шыгу

Салеметсизбе мен жалдамалы патерде ай сайын толем жасап,турамын.Тотенше жагдайга карамастан маган уйдин иеси босатып беруди талап етип жатыр,мен Бир айга алдын толем жасадым.Отиниш кенес бериниз.


12 Сәуір 2020, 12:47, сұрақ № 66
Рая, Алматы

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

491 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Сәлеметсіз бе Рая!

Егер сіз, шарттарды бұзбай жалға алынған пәтерді пайдаланған болсаңыз, онда сіз ары қарай ақшасы төленген күнге дейін тұруға құқылысыз. Сізді тек қана Тараптардың бірімен мүлікті жалға беру шартын өзгерту жәре бұзу ҚР Азаматтық кодексінің 556 бабында көрсетілген себеп бойынша шығаруға болады. Жалға берушінің талабы бойынша шарт келесі жағдайларла бұзылуы және мүлік қайтарылуы мүмкін:
1) егер жалға алушы мүлiктi шарт талаптарын немесе мүлiктiң мақсатын елеулi түрде бұзып, жалға берушiнiң мұндай iс-әрекеттi тоқтату туралы жазбаша ескертуiне қарамастан пайдаланса;

2) егер жалға алушы қасақана немесе абайсызда мүлiктi елеулi түрде нашарлатса;

3) егер жалға алушы мүлiктi пайдаланғаны үшiн шартта белгiленген төлем мерзiмiнiң өтуi бойынша екi реттен астам төлем жасамаса;

4) егер жалға алушы жалға алу шартында белгiленген мерзiмде мүлікті күрделі жөндеуден өткізбесе, ал ол шартта көрсетілмеген жағдайда - заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес күрделi жөндеу мiндетi жалға алушыға жүктелген жағдайларда, оны қисынды мерзiмде өткiзбесе

Жалға берушi жалға алушыға өз мiндетiн қисынды мерзiмде орындауға мүмкiндiк берiлгеннен кейiн ғана шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.


12 Сәуір 2020, 14:58