мемлекеттік сатып алу келісім шартына байланысты - Pravoved.kz

мемлекеттік сатып алу келісім шартына байланысты

ҰЙҒАРЫМ 2020 жылғы 13 сәуір Қызылорда қаласы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М. Сарсенов, талап қоюшы «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының жауапкер жеке кәсіпкер «ЭНЕРГЕТИК» Орынбасар Мұратәліұлы Нұрсейтовқа мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызын қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы: Арыз Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің (әрі қарай - АПК) 148-149-баптарының талаптарына сәйкес келеді. АПК-нің 27-бабына сәйкес, талап арыз Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарауына жатады. Арыз қазақ тілінде берілген, сол себепті АПК-нің 14-бабының талаптарына сәйкес, іс қазақ тілінде жүргізілуге жатады. Арыз беруші мемлекеттік баж 1 326 теңгені төлеуден босатылған. Талап арыз «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен. Сондықтан, АПКтің 133-1-бабының 1-тармағына сәйкес, талап арыз бойынша азаматтық сот ісін жүргізу электрондық форматта жүргізілуге жатады. Азаматтық істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында, міндетті түрде істі қарауға әзірлік жұмыстары жүргізілуге жатады. АПК-нің 14, 150, 133-1, 163 және 165-баптарын басшылыққа алып, судья, Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І: Талап арыз өндіріске қабылдансын, азаматтық іс қозғалсын. Сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде белгіленсін. Азаматтық сот ісін жүргізу электрондық форматта жүргізілсін. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу барысында төмендегідей дайындық жұмыстары жүргізілсін: - жауапкерге талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері жіберілсін; - жауапкерге дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін сотқа ұсынуға міндеттелсін; - талап қоюшы жауапкердің Шарттың 3.1-тармағының 2)тармақшасына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізгені туралы мәліметті 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін сотқа ұсынуға міндеттелсін; - тараптарға, АПК-тің 133-1-бабының 2-тармағына сәйкес, сот тараптардың пікірін ескере отырып, сот ісін жүргізу форматын өзгерте алатыны түсіндірілсін. Алдын-ала сот отырысы 2020 жылдың 30 сәуіріне сағат 14:40 тағайындалсын, бұл жөнінде тараптарға хабарлансын. Судья М. Сарсенов осыган байланысты жазбаша пікір жазу керек Келісім шарт 1 қосымшасына байланысты онын орындалып жатканына анықтамалар бар кабылдау актысы, накладной


14 Сәуір 2020, 20:20, сұрақ № 88
Жандос, Алматы

Заңгерлер мен бухгалтерлердің жауаптары

Для дополнительных вопросов и уточнений войдите на сайт


Исраилова Марина

Юрист, г. Караганда

507 жауап
9
Рейтинг Pravoved.kz

Қайырлы күн, Жандос!
Сіз сұрақты жазған жоқсыз.


15 Сәуір 2020, 15:14