Тапсырыстар

КМЗК шеңберіндегі көмек: Тапсырыстар дегеніміз не

Жаңартылды 10 қазан 2026 ж. • v1.3.0

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі (КМЗК) Клиентпен Шарт бойынша емес, органның шешімі — Тапсырыс негізінде көрсетіледі. «Тапсырыстар» бөлімі осындай көмекті есепке алуға көмектеседі. Тапсырысты заңгердің өзі емес, орган немесе алқа береді; жүйеде сіз алынған Тапсырысты тіркейсіз.

КМЗК шеңберінде көмекті адвокаттар мен заң консультанттары көрсетеді.

Тапсырыстардың қандай түрлері бар

  • Тергеушінің қаулысы (қылмыстық қудалау органының);
  • Соттың қаулысы/ұйғарымы;
  • Алқаның тапсырмасы.

Тапсырыс басқа бөлімдермен қалай байланысқан

  • Тапсырыс Іс шеңберінде құрылады және бір немесе бірнеше Клиентпен байланыстырылуы мүмкін;
  • адвокат Тапсырыс үшін «КМЗК» түріндегі Қорғау туралы хабарлама ресімдейді. Ол Шартқа емес, Тапсырысқа тіркеледі (толығырақ — «Тапсырыс бойынша Қорғау туралы хабарлама (КМЗК)» мақаласында);
  • заң консультанты Хабарламаларды ресімдемейді: ол Тапсырыс негізінде іске кіріседі. Ол үшін жүйедегі Тапсырыс — негіз және көрсетілетін көмек туралы жазба.

Тапсырыстар журналы

«Тапсырыстар» бөлімі сол жақ мәзірде орналасқан. Тізімде әрбір Тапсырыс үшін нөмірі, Іс, Клиенттер, түрі және сипаттамасы көрсетіледі. Тізімді сұрыптауға, Тапсырыс түрі бойынша сүзуге және нөмірі немесе сипаттама мәтіні бойынша іздеуге болады.

Кімге қолжетімді:
Тапсырыстар журналын адвокаттар мен заң консультанттары — аккаунт иелері жүргізеді. Бөлім «Базалық» тарифін қоса алғанда, барлық тарифтерде қолжетімді.

Ұқсас мақалалар

Барлық мақалалар

Жауап таппадыңыз ба?

Қолдау қызметіне жазыңыз — көмектесеміз.

Қолдау қызметіне жазу